«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптардағы ашық іс-шаралар

22 сәуір күні  бастауыш сыныптар апталығының жалғасында екі ашық іс-шара өтті.  1 "Б"сыныбында  "Табиғат білгірлері" тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өтті. Оның мақсаты:  Балалардың экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарауға назар аудару болды. Сондай-ақ, қоршаған әлемге танымдық қызығушылығын және  тапқырлықты, ойлау жылдамдығын дамыту. Матейкович Елена Владимировна іс-шараға шығармашылық тұрғыдан келді. АКТ  қолданумен бірге қызықты және әр түрлі тапсырмалар, көңілді физминутка балаларды жалықтырмады. Сынып " көктем" және "найзағай" болып, екі командаға бөлінді, барлық санитарлық нормалар сақталды. Қорытындысында екі команда да бірдей ұпай жинады, яғни достық жеңді.
Осы  күні 2 "Б" сыныбында Наталья Николаевна Хохлунова  Г.Снегиревтің "Ғажайып қайық", Е. Каргановтың "Біз құстардың ән салғанын қалаймыз" әдеби оқуы бойынша ашық сабақ берді. Сабақта сәттілік тілей отырып, жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптастыра отырып, сабақ  "алтын балық" жаттығуларынан басталды. Қағаз балықтарға  балалар сабаққа тілектерін жазып, үлкен балық үлгісіне тіркеді. Содан кейін жылдам оқу жаттығуымен жалғасты. Әр баланың жылдамдығын арттыру үшін өлең оқуды жалғастырды. Олар мағынасына қарама-қарсы сөздер құрастырды, буындарды оқыды, сөздерді жаттап алды және оларды есте сақтады. Дәптерде, оқулықта жұмыс істеу, тізбекпен оқу, мәтіндерді салыстыру, балалардың жазушымен әңгімесін сахналау, ән айту – сабақта қанша жұмыс жасалды. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде жақсы нәтижелер көрсетті. Сабақтың соңында  сабаққа деген тілектерін оқып, жетістіктерін өзін-өзі талдау болды.

 
Жаңартылған күні: 23.04.2021 09:27
Құрылған күні: 23.04.2021 09:27

Текст