Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жарты жылдық есебі Бірлестік жетекшісі: Мусина К.Е.
«Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің 1 отырысы 26.08.2021ж. күні болды.
Күн тәртібінде:
І.Теориялық бөлім «Белсенді оқыту технологиясы » (баяндамашы Мусина К.Е)
1.Әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және оқу бағдарламасымен танысу.
2. Күнтізбелік жоспарларын бекіту., тәрбие жоспарларын тексеру.
3. Сынып оқушыларын қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
4.Мектеп құжаттары: оқушылардың жеке іс-құжаттарын тіркеу, реттеу.
5. Электронды журналды толтыру
6. Ашық сабақтардың өтілу кестесін құру .
7.Пәндер бойынша дәптерлердің жүргізілу тәртібі.
8.Аттестациядан өтетін мұғалімдердің дайындық жұмыстары.
9.Дарынды, үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.Олармен жұмыс ұйымдастыру.
ІІ отырысы тақырыбы : «Оқушы мен мұғалімнің сабақтағы қарым- қатынасы оқытудың тиімді тәсілі» 1.Оқушыларды шығармашылыққа дайындау. 2.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың формалары мен түрлері Әңгіме-кеңес Мусина К.Е 3.1 тоқсанның қорытындысы 4. Дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс нәтижесі .Мұғалімдер тыңдалды. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың формалары мен түрлері туралы айтылып мұғалімдер өз пікірлерімен бөлісті.Келесі 1 тоқсанның қорытындысы жайлы айтылды. ТЖБ –ға талдау жасалды.Бірінші тоқсанда оқу жылдамдығы 4, 3, 2 сыныптарда орындамаған оқушылармен жұмыс жасап , кешіліктерді жою керек.
Ашық сабақтар
4 «А» сынып, Әдебиеттік оқудан ашық сабақ, тақырыбы «Бала Абай». Өткізген Рамазанова Г.С. 09.11.2021ж. Сабақтың мақсаты: оқушыларға М.Әуезовтың «Абай жолы» романы үзіндісінен Абайдың балалық шағы туралы таныстыру.
2 «А» сынып Математика пәнінен ашық сабақ , тақырыбы «Тәулік. Уақытты анықтаймын», өткізген Мусина К.Е. Мақсаты: оқушыларға тәуліктің мезгілдерін, уақытты анықтауды үйрету дағдыларын дамыту.
Мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері
Халықаралық математикалық «Кенгуренок» сайысына 2 «А» сынып оқушылары: Абылкасымова А., Саутов Н., Рамазанова К., Исмағұл А. қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Мен өз елімнің патриотымын»атты суреттер сайысына 2 «А» және 3 «А» сынып оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен бірге Абдрекеева Ж. 3 «А» сыны оқушысы мен Джилкайдарова Ж. 2 «А» сынып оқушысы «Менің Қазақстаным» атты өлеңдер сайысына қатысып, 1-2 жүлделі орындарға ие болды.
4 «А» сынып оқушылары Кәкен Әдемі мен Шерьезданов Аслан қашықтықтан Республикалық «Үздік бастауыш сынып оқушысы» олимпиадасына қатыстып, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Рамазанова Г.С.Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» сайысына қатысып, сертификат алды.
Мусина К.Е. КИО-ға қатысып, облыс бойынша және аудан бойынша 2 орынға ие болды.