20 тамызда «Балақайлар мектебінде» 4 сабақ өтті. Сөйлеуді дамыту сабағында балалар сөйлемдерді интонациясына қарай ажырата білуге, сөйлеуде қолдана білуге жаттықты. Тыныс белгілері туралы тақпақтар үйренді, одан кейін мұғалім айтқан кезде сөйлемнің соңында қандай белгі тұрғанын тауып ойын ойнады. Әдебиет сабағында орыс халқының «Шалқан» ертегісін сахналады. Математика сабағында заттарды кеңістікте (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төмен) орналастыру дағдысы шыңдалды. Презентациямен жұмыс жасады, тренингтік бейнероликті көрді, практикалық жұмыс жасады. Қоршаған ортамен танысу сабағында еліміз, Қазақстанның рәміздері туралы білімдерін кеңейтіп, Әнұран, Ту, Елтаңба, олардың авторлары, мағынасы туралы білді. Балалар әнұранның бір шумағын орындады. Үзілісте "Балалар боулингін", "Ыстық картоп" ойындарын ойнады.