«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы туралы есебі

«Новочеркас ауылының ЖОББМ» КММ-нде қазақ тілі мен әдебиеті

апталығының өтуі туралы есебі

 

«Новочеркас ауылының ЖОББМ» КММ-нде  7 ақпан күні  қазақ тілі мен әдебиеті апталығы басталды.  Әдістемелік бірлестік  мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 07-11 ақпан күндеріне іс-шаралар жоспарланды. Әр сынып апталықтың жоспарымен таныстырылды.

     Апталықтың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен     таныстыру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.

 

8 ақпан күні   қазақ тілі мен әдебиеті апталығына орай мектебімізде "Тарихи тұлғалар — ұлт мақтанышы" тақырыбына  стенд ұйымдастырылды. Онда  Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин,  Ахмет Байтұрсынов, Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны, шығармашылығы, қанатты сөздері туралы айтылды.

 

 8 ақпан күні  мектеп кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына байланысты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы мағлұмат алды.

 

      8 ақпан күні қазақ  тілі мен әдебиеті апталығы аясында  5-6 "А" сыныптар арасында  "Талап- тұлпар, білім- сұңқар"  атты интеллектуалдық сайыс болып өтті. Сайыста оқушылар 2 топқа бөлініп, мақалдар айтып, жұмбақтар шешті. Әр түрлі тақырыптарға мақалдар таңдап, мақалдардың мағыналарын айтып түсіндірді. Келесі кезекте әдебиеттен берілген үзінділердің  авторын, кейіпкерлерін тауып, оларға мінездеме берді. Әр сынып өз білімдерін ойдағыдай көрсетті. Ұпай нәтижесін санай келе, «Тұлпар» тобы 1-орынға, «Сұңқар» тобы 2-орынға ие болды.

 9 ақпан күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Казбекова Г. Ж.  

10 «Б» сынып оқушыларымен әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Радиоарналарды тыңдаймын» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар мәтіндегі негізгі ойды және қосымша ойды, мәтіннің идеясын  анықтауға арналған тапсырмаларды орындады. Радио құрылғысы туралы аудио мәтін тыңдалып, сұрақ – жауап жұмысы орындалды. Барлық тапсырмалардың дескрипторлары нақты әрі  анық беріліп, бағалау критериилері де  түсінікті болды.  Сабақта бағалаудың қалыптастырушы бағалау және өзін- өзі бағалау, бірін – бірі бағалау  түрлері жүргізілді.  Тілдесім алаңшасына негізделген тапсырма арқылы әр жеке тұлға бүгінгі сабақты терең түсінгендіктерін көрсете білді. «Бастама. Жауап. Кейінгі әрекет» , «Дұрыс. Дұрыс емес. Мәтінде айтылмаған»,  «Бестік диктант» әдістері сабақ барысында оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалар арқылы жүзеге асты. Барлық оқушылар сабақта қазақша еркін сөйлеп белсенділік танытты. Сөздердің байланысу тәсілдерін, сөздердің байланысу түрлерін барлық оқушылардың  жақсы меңгергендігі тапсырмаларды орындау барысында көрініп тұрды. Сабақ өте жақсы өтті.

 

    

       10 ақпан күні  қазақ  тілі мен әдебиеті апталығы аясында  5-6 "Б" сыныптары арасында  "Қызықты қазақ тілі әлемі"  атты интеллектуалдық сайыс болып өтті. Сайыста оқушылар 3 топқа бөлініп, мақалдар айтып жарысты, жұмбақтар шешіп, берілген грамматикалық тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, әр сынып өз білімдерін көрсетті. Сайыс соңында ұпай саны бойынша «Қазақстан» тобы 1-орынға иеленді, ал «Бәйтерек», «Шаңырақ» топтары 2-орынды бөлісті.

          Ақпанның 11 күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Казбекова  7 «А» сынып оқушыларымен Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқу мақсатына сай әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшегіне талдау жұмысы жүргізілді.Алдымен Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы ақпарат берілді. Видео көрсетіліп,  талқыланды. Оқушылар құнды ақпарат алды. «Кім жүйрік » әдісі арқылы шығарма үзінділерімен схемалық таблица арқылы тапсырмалар орындады. «Ішкі және сыртқы шеңбер» , «Мнимоника » әдісі арқылы оқушылар шығарма сюжетінің құрамдас бөліктерін анықтауға қадам жасады. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы жұптық тапсырманы орындаған әр оқушы әңгіме сюжетінің құрамдас бөлігіне талдау жасады. Нәтижесінде әр жеке тұлға қызығушылықпен жұмыс жасап, автор туралы мәлімет алып, көркем шығарманы түсінді. Кері байланыста берген әр оқушының жауабы : «Маған бәрі түсінікті.Өзгелерге де түсіндіре аламын» деген баспалдақта тұрғандығын айтып кетті. Сабақ тартымды да, қызықты өтті. Барлық оқушылардың еңбегі 10 ұпайдан 10 ұпайға балдық жүйесінде бағаланды.

                10 ақпан күні Қазақстан       Республикасының 30 жылдығына орай  «Тәуелсіз ел ұланымын» тақырыбына эссе жазу байқауы өтті. Байқауда 10 сынып оқушылары -  Қазбекова Назерке, Анапина Замира және Кусанова Айдананың - жұмыстары үздік деп бағаланды.

А11 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында мектебімізде «Мұқағали Мақатаев – қазақтың ақиық ақыны» тақырыбына мәнерлеп оқу байқауы  ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: ақиық ақынның шығармаларын оқушылар арасында насихаттау, өскелең ұрпақтың поэзияға құштарлығын  арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіну.

Байқауға  5-11 сынып оқушылары қатысып, ақынның әндерін айтып, өлеңдерін жатқа оқыды.

5-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан 1-орынды Рамазанова Айдана, 2-орынды Анапина Лунияра мен Абылқасымов Айып, 3-орынды Рамазанова Жанель, Ногубаева Тұмар және Анапина Медина иеленді.

8-10 сыныптар арасында 1-орынды Салыкова Сания, 2-орынды Кусанова Айдана мен Логвиненко Тамара, 3-орынды Сабыр Аслан мен Жұмабек Ернар бөлісті.

Ән орындаудан 1-орынды Логвиненко Тамара, Мейрманова Гүлімхан, 2-орынды Елемес Әнел, 3-орынды Рамазанова Жанель мен Иманжусупова  Еркежан  иеленді.

14 ақпан күні апталыққа қорытынды жасалды. Жоспарға сәйкес барлық мұғалімдер жоспарланған іс-шараларын ойдағыдай ұйымдастырып өткізді. Барлық сынып оқушылары атсалысып қатысты. Өткізілген іс-шараларда орынға ие болған оқушылар марапатталды.

 

  ӘБ жетекшісі  _____________   Тайшибаева Т. А.

Жаңартылған күні: 18.02.2022 15:48
Құрылған күні: 18.02.2022 15:48

Текст