Текст
26 тамызда «Балақайлар мектебінде» 4 сабақ өтті. Математика сабағында балалар 10-ға дейін және кері санап, өлең есептерін шығарды, жыл айларының атын білді. Қоршаған ортамен танысу сабағында Республиканың қалалары мен ауылдары, олардың көрікті жерлері, өмір сүру ерекшеліктері туралы білімдерін бекітті. Сауат ашу сабағында біз контурдан шықпай, дайын сызбаларды штрихтауды, бояуды, сызуды үйрендік. Жапсыру сабағында балалар «Ит – адал дос» жұмысын орындады.