Ұйымдар тізімі
Профилактикалық жұмыс аясында және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жоспарына сәйкес, «Новочеркасское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ психологы «Жеке шекаралар және зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әрекет етемін» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында 8-сынып оқушылары зорлық-зомбылықтың түрлі түрлерімен, олардың көріністері мен салдарымен танысты. Жеке шекара ұғымына, оның адамның эмоционалдық және физикалық әл-ауқаты үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сабақ сенімділік пен қызығушылық атмосферасында өтті. Оқушылар белсенділік танытып, ұсынылған тақырыптарды талқылауға дайын болды. Рефлексия қорытындысы бойынша қатысушылар өз шекараларын қорғау және қиын жағдайларда көмекке жүгіну дағдыларының маңыздылығын атап өтті.



2026 жылғы 30 наурызда жас...