«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құқық бұзушылықтардың алдын алу

Жыныстық , зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу іс шарасы  аясында мектеп психологы Н.Н.Залюбовская 9-10 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдердің қатыгездігі мен агрессиясы, себептері мен салдары» тақырыбында сабақ өткізілді. Іс-шара дөңгелек үстел түрінде өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты - жасөспірімдердің ашушаң, қатыгез және жанжалшыл мінез-құлқының алдын-алу және жеңу, сонымен қатар жеке тұлғаның жағымды адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.

 Сабақтың басында писихолог бүкіл әлемде және Қазақстанда, Ресейде, Польшада және Ұлыбританияда болып жатқан жасөспірімдерге қатысты қатыгездік пен жантүршігерлік оқиғалардың болып жатқанын факт бойынша айтып жеткізді.

Оқушылар писохологпен бірге отбасылық жағдайларға және жеке басына  қатысты сұрақтардың жауабын алды және жасөспірімдердің арасындағы ашушаңдықпен қатыгездіктің себеп салдарын қарастырды . Олар талқылауға белсенді қатысты, көптеген мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.

Әлім жеттік және қорқытудың буллинг және кибербуллинг  салдарымен және ондай жағдайда қайда баруға және қандай жазалар қолданылатыны жайлы танысып түсіндірме жұмысын алды.   

Қорытындылай келе, рефлексия кезінде балаларға үш философиялық сұрақтарға жазбаша жауап беру ұсынылды:

1. Мен бұл дүниеге не үшін келдім?

2. Әлемді жақсарту үшін мен не істей аламын?

3. Менің қасымдағы жандарға менімен болу  ыңғайлы ма ?

Балалардың жауаптарына қарай, мақсатымызға жеткендігімізді және құрған жоспарымызды орындай алғанымызды білуге болады.

Жаңартылған күні: 21.04.2021 17:32
Құрылған күні: 21.04.2021 17:35

Текст