«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

""Жасыл планета үшін біз не істей аламыз"

Жазғы лагерьдегі күн таза ауада басталды. Балалар таңғы жаттығу орындап ойын ойнады.  "Біздің жасыл планета"  тақырыбы өтті.  Іс-шараның мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, экологиялық тәрбие беру және табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру.
Балалармен бірге жер шарының сұлулығы, орман-тоғайлар, өзен-көлдер және жан-жануарлар әлемі туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, табиғатты қорғау жолдарын ұсынды. Олар қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, жануарларды қорғау, суды үнемдеу сияқты мысалдар келтірді.
Сабақ барысында суреттер көрсетіліп, шағын бейнематериал ұсынылды. Сонымен қатар, «Жасыл планета үшін біз не істей аламыз?» тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырылды. Әр топ өз постерін жасап, қорғап шықты. Іс-шара соңында балалар табиғатты аялау әр адамның міндеті екендігін түсініп, табиғатқа қамқорлықпен қарауға уәде берді.


Текст