Мектепішілік бақылауға сай 3 тоқсан бойынша оқушылардың оқу жылдамдығын 1 - 4 сыныптарда Ә Б жетекшісі Мусина К.Е. тексерді.
1 сыныпта барлығы 10 оқушы. Оқу нормасы 15-25 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 5 оқушы нормадан жоғары оқыды: Сабыр Нұртас 48 сөз, Қошқарбай Ұлара 52 сөз, Рахимова Ұлпан 42 сөз, Қанат Айерке 35 сөз, Еркеболат Аяжан 37 сөз. 3 оқушы нормаға сай оқыды: Кәрәнбек Айару 23 сөз, Тоқтаржанова Наргиз 20 сөз, Амангелді Аяулым 22 сөз. 2 оқушы нормадан төмен оқыды: Муратова Жансая 13 сөз, Еркеболат Аружан 10 сөз.
2 сыныпта барлығы 6 оқушы Оқу нормасы 34-45 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 5 оқушы нормадан жоғары оқыды:Марат Ерасыл 67 сөз, Марат Ерали 55 сөз, Рамазан Нурислам 60 сөз, Нұржан Аруна 64 сөз, Нұрханова Нұрсая 58 сөз. 1 оқушы, Енгеликов Ислам нормадан төмен 10 сөз оқыды.
3-сыныпта барлығы 5 оқушы. Оқу нормасы 54-65 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 3 оқушы нормадан жоғары: Абылкасымова Айгерим – 88 сөз, Джилкайдарова Жанбота 112 сөз, Саутов Нурбек 80 сөз оқыды, 2 оқушы нормаға сай: Исмағұл Аянат – 56 сөз, Рамазанова Каусар – 55 сөз оқыды.
4-сыныпта барлығы 2 оқушы. Оқу нормасы 74-85 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 1 оқушы нормадан жоғары: Абдрекеева Жания – 90 сөз, 1 оқушы нормадан төмен: Ашубасар Бексұлтан – 45 сөз оқыды.
Ұсыныс: оқу жылдамдығы қорытындысы бойынша аталған сынып мұғалімдеріне ұсыныс.
1. Жақсы оқитын оқушылармен жұмысты жалғастыру;
2. Қосымша әдеби кітаптар оқыту,
3. Кітапхана сағаттарын ұйымдастыру;
4. Оқу жылдамдығы төмен оқушылармен ата-анасымен бірлесе отырып жұмыс өткізу.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Мусина К.Е.