«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кіші жастағы жасөспірім туралы нені білу керек

    Кіші жастағы жасөспірім туралы нені білу керек

Бесінші сынып: тек жаңа сатыға өту ғана емес, сонымен бірге, жаңа даму кезеңі – жасөспірімдік шақ.

1. Ересектік сезімінің көрініс беруі. «Балаға тән» дүниенің бәрінен іргесін аулақ салуға ұмтылыс;

 2. Өзіне-өзі баға беру, өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі жөнге салу қабілетінің артуы;

 3. Білім жинауда дербестіктің көрініс беруі;

4. Танымдық уәждеменің пайда болуы;

5. Өзгелерден кем түспеуге ниеттену;

6. Қатарластарының арасында, отбасында лайықты орын алуды қажетсіну;

7. Адал дос табуға талпыну;

8. Сыныпта да, шағын ұжымда да оқшау қалудан аулақ болуға тырысу;

9. Сыныптағы «күш ара-қатынасы» туралы мәселеге аса қызығушылық таныту;

10. Қатарластарымен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату (басты қарекет – тіл табысу) Кіші жастағы жасөіспірім туралы нені білу маңызды; 11. Өзінің сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөлу;

12. Шектен тыс эмоцияға берілгіштік, асқан үрейлілік, тұрақсыз психика;

13. Жас үлкендігінің еш беделі болмауы; ересектерге әдейілеп айла-шарғы (манипулция) қолдану;

14. Мұғалімдерге, ата-аналарға, ересектерге шектен тыс жағымсыз көзқараспен қарау;

15. Негізсіз салынған тыйымдарға жиіркенішпен қарау;

16. Өз мүмкіндіктерін асыра бағалау;

17. Сәтсіздіктерге бейімделе білу қабілетінің жоқтығы;

18. Эгоцентризмнің көрініс беруі.

 

Тест: «Қалай ойлайсыз, балаңыздың мектептегі жағдайы жақсы ма?»

 

Егер келтірілген пікірмен келіссеңіз, “+” қойыңыз

Егер келтірілген пікірдің сізге қатысы болмаса, “ - ” қойыңыз Әр «+» = 1 балл 1. Балама мектепте оқыған ұнайды

2. Балам басқа мектепке, сыныпқа қуана ауысар еді деп ойлаймын

3. Егер таңдай алатын болса, үйде оқығысы келмес еді

4. Өкінішке орай, балам маған және туыстарымызға мектеп туралы ешқашан қуанышпен айтпайды

5. Сыныпта оның достары көп

6. Оған мектептегі мұғалімдер онша ұнамайды

7. Ол сыныптан тыс шараларға, кештерге, жорықтарға белсенді қатысады

8. Сабақ болмай қалса (мұғалім ауырып қалғанда немесе басқа себеппен), баламның көңіл-күйі түспейді

9. Есіне салып тұрмаса, балам сабағын өз бетінше сирек оқиды

10. Өзге қызығушылықтары мен хоббилері мектептегі оқуына кедергі келтірмейді

Егер келтірілген пікірмен келіссеңіз, “+” қойыңыз Егер келтірілген пікірдің сізге қатысы болмаса, “-” қойыңыз Әр «+» - 1 балл

8-10 балл – Балаңыздың мектепке қатысты көзқарасы жақсы, жақында қандай да бір қиындықтар туындауы екіталай.

 6-7 балл – Балаңыздың мектептегі жағдайы жаман емес.

4-5 балл – Мұқият болыңыз! Мектепте бір қиындық бар.

1-3 балл – Балаңызға сіздің көмегіңіз өте қажет. Қақтығыстарға, оқу үлгерімінің төмендеуіне байланысты оның мектепке деген көзқарасы теріс, әрі жағымсыз.

 

Ата-аналарға арналған ұсыныс-кеңестер

1. Балаңыздан мектептегі жағдайы туралы сұрастырып отырыңыз.

 2. Балаңыздың мұғалімдерімен үнемі сөйлесіп тұрыңыз.

3. Балаңыздың оқу үлгерімін өзіңіздің жазалау мен ынталандыру жүйеңізбен байланыстырмаңыз.

4. Балаңызға үй тапсырмаларын орындауға көмектесіңіз.

5. Балаңызға мектептегі сабаққа қызығушылық танытуға көмектесіңіз.

6. Үйде жайлы және орнықты ахуалды сақтап отыруға ерекше күш салың

 
Жаңартылған күні: 13.01.2023 12:29
Құрылған күні: 13.01.2023 12:29

Текст