Ұйымдар тізімі
Лагерьдің бірінші аптасының екінші күні «Қауіпсіздер күні» тақырыбында ұйымдастырылды. Күн таңертеңгі көңілді жаттығудан басталды. Балалар таза ауада сергіту жаттығуларын жасап, бойларын жазып, көтеріңкі көңіл күймен жаңа күнге қадам басты.
Күннің негізгі мақсаты – балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Осы мақсатта жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениеті туралы танымдық әңгімелер өткізілді.
Сонымен қатар, түрлі ойындар, викториналар мен қызықты тапсырмалар ұйымдастырылып, балалар қауіпсіздікке қатысты өз білімдерін көрсетті. Іс-шаралар барысында оқушылар белсенділік танытып, қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын терең түсінді.
Күн қызықты да мазмұнды өтті. Балалар жақсы көңіл күй мен пайдалы ақпарат алып, қауіпсіздік – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі екенін ұғынды.




Мектеп жанындағы лагерьдің 2...