Текст
Қазақстан Республикасы күні мерекесінің қарсаңында 1 және 2 "Б" сыныптарында осы күнге арналған сынып сағаты өтті . Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атады, Әнұранын орындады. Еліміздің дамуына үлес қосқан елдің көрнекті адамдары, Республика президенттері туралы білді. Соңында балалар "Қызғалдақ" викторинасының сұрақтарына жауап беріп, мереке күніне арналған плакатты бояу бойынша ұжымдық жұмыс жасады.