Текст
Қазақстан БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында қарашаның 8-і мен 20-сы аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтуде. Кітапханада зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесі туралы ақпараттандыру мақсатында құқықтық материалдар, зорлық-зомбылық мәселесін ашатын кітаптар және мейірімділікке үйрететін әдеби шығармалар ұсынылатын «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз әлем» атты кітап-иллюстрациялық көрме жұмыс істейді. Көрме оқырмандардың кең ауқымына ұсынылады