Текст
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Новочеркас орта мектебінде, мектептің жас патриоттарын «Жас Қыран» қатарына қосудың салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты шара мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. «Жас Қыран» қатарына 3 сынып оқушылары - үздік оқушылар, жас спортшылар, белсенділер қосылды. «Жас Ұлан» мектеп комитетінің көшбасшылары кішкентай бүлдіршіндерге төсбелгілерді тағып берді. Салтанатты төсбелгілерді табыстау рәсімінен кейін «жасқырандықтар» ант қабылдады, олар бірге «Жас Ұлан» әнұранын айтты және ұйымның толық мүшесі болды.