«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Күмбірлеген домбыра" үйірмесі

Кез келген музыкалық аспапта үйрену үшін ең алдымен адамға ынта,жігер, талпыныс керек екені анық.Сондай -ақ домбыра  аспабы да оңай игере салатын аспап емес ,оны үйренудің өзінің әдіс тәсілдері бар.
Ең алғашында оқушының орындықта отырысын, домбыраны ұстауын, екі қолдың қойылымың дұрыс қалыптастыру қажет.
Домбыра тарту баланың жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш қуатын арттырып, шығармашылық қана емес, танымдық,есте сақтау, есту қабілеттерін дамытады.
Қазіргі кезде «Күмбірлеген домбыра» үйірмесі кіші және орта топтан құрылған.Репертуар жас және жеке ерекшеліктеріне қарай таңдалады. Кіші топпен жаттығуларды үйреніп, қазіргі таңда «Еркемай», «Бала уату», «Соқыр теке», «Жайлау»сияқты халық әндерін меңгеріп жатырмыз.Әннің мәтіні жатталып,оны әуенге қосып,әр оқушы мейілінше орындауға тырысады.
Орта топ  оқушылары «Тепең көк», «Көк дөнен», «Бозайғыр», «Жастар биі» халық күйлерін Қазақстан Республикасының   30-жыл Тәуелсіздігіне  арналған кездесулерде, концерттерде ұсынды. «Сал домбыра,Сарыарқа!» челленжді «Балбырауын» күйімен жалғасты және де оқушыларымыз Тәуелсіздікке арналған аудандық концертте оркестр құрамында өнер көрсетті.
Ендігі мақсатымыз алда келе жатқан көптеген мерекелік іс шараларға өз үлесімізді қосу,ол үшін  өз репертуарымызды кеңейтіп,өнерімізді әрі қарай шыңдау керек

Жаңартылған күні: 28.02.2022 17:19
Құрылған күні: 28.02.2022 17:19

Текст