Текст
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні. Осыдан 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасы ұлттық валютасын ресми түрде айналымға енгізді. Осы күнге дейін кітапханада «Теңге – тарих фактілерінде» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шарада балалар ақша бірлігінің қалай жасалғанын, алғашқы теңгенің дизайнын кім жасағанын, қайда басылғанын және айналымға қалай түскенін білді. Іс-шараның мақсаты: Ұлттық валюта күнінің тарихи маңызын атап өтіп, патриоттық сезімді тәрбиелеу.