Текст
Ұйымдар тізімі
Мектебімізде дене шынықтыру және спорт декадасы аясында 3 б-сынып пен 4 «Б» сынып оқушыларынан құралған аралас командалар арасында «Физкульт-привет» және «Футбол» атты «Көңілді старттар» сайысы өтті. Балалар қызықты эстафеталарға белсене қатысып, ептілік, жылдамдық, тапқырлық пен бірлікті көрсете білді. Спорт залында қуаныш пен шат күлкіге толы тамаша көңіл-күй орнады! Жиналған ұпай саны бойынша бірінші орынды «Физкульт-привет» командасы иеленсе, «Футбол» командасы жеңіске деген жігері үшін мадақтама алды.
Сайыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, спорттың күш, денсаулық және достық кепілі екенін тағы бір дәлелдеді!



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта...