Бүгінгі күн балалар үшін мазмұнды да тәрбиелік мәні зор іс-шараларға толы болды. Күннің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыру. Таңертеңгілік жаттығудан басталған күн балалардың сергектігін арттырып, көңіл-күйін көтерді.
«Денсаулық минутасында» балалар жануарларға қалай қауіпсіз және қамқорлықпен қарау керек екендігін үйренді. «Фото саяхат» фотоквестінде балалар табиғаттың әсемдігін суретке түсіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Күннің соңында «Қалдықсыз қалашық» және «Құтқару операциясы» атты эко-акциялар өтті. Балалар аумақты тазалап, қоқысты сұрыптап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінді. Бүгінгі күн балаларға жаңа білім мен жарқын әсер сыйлады. Олар табиғатты аялауды үйреніп, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.