Текст
Жазғы еңбек тәжірибесі аясында мектеп психологы Залюбовская Н.Н. жасөспірімдермен «Ойын арқылы даму» тренинг сабағын өткізді. Тренингтің мақсаты эмоционалдық интеллект, коммуникативті дағдыларды дамыту және балалар ұжымын біріктіру болды. Сабақ нәтижелі өтті, ойын жаттығулары, шығармашылық тапсырмалар, еркін қарым-қатынас – шараның сәтті өтуіне ықпал етті. Балалар қуат, позитивті және жағымды эмоцияларды алды.