«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің бойым, менің салмағым»

28 шілде  күні «Айгөлек» лагерінде балалар үшін рухани тәрбие мен салауатты өмір салтына, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналды. Күн таңғы сергек жаттығудан басталды. Таңғы зарядка балаларға күні бойына қуат пен сергектік сыйлады. Денсаулық минутында «Менің бойым, менің салмағым» тақырыбында оқушылар өз денсаулығына назар аударудың, дене дамуы мен дұрыс өмір салты арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығы жайлы ой бөлісті. Күннің ерекше қызықты сәті – «Әжелеріміздің ойындары» атты фольклорлық-ойын бағдарламасы болды. Балалар ата-әжелері ойнаған қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындарымен танысып, оларды өздері де ойнап көрді. Бұл шара ұрпақтар сабақтастығын сезінуге мүмкіндік берді.Кешкі уақытта балалар «Қазақ киносы» атты шағын көрсетілім аясында қазақстандық фильмдерді бірге тамашалап, талқылады. Балалар өз әсерлерімен бөлісіп,отандық киноның қандай құндылықтар мен тәрбиелік мәнге ие екенін түсінді.  Бұл күн өте мазмұнды, рухани жағынан бай, әрі денсаулық пен дәстүрге деген құрметті ұштастырған пайдалы күн болды.


Текст