Бүгін 11.04 биология, химия және география апталығы аясында 9 "б" сыныбында "Темекі шегудің, есірткі заттарының және алкогольдің адам эмбрионының дамуына әсері"тақырыбында биология бойынша ашық сабақ өтті
Салтанат Жабайқызы сабаққа оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін белсенді әдістерді қолданды. Білім алушылардың өздері сабақтың мақсаттарын тұжырымдады, сабақтың барлық кезеңдеріне белсенді қатысты, "сәттілік фортунасы" арқылы тапсырмалар орындады, оқушыларға "Банкомат" әдісі ұнады, онда олар әр түрлі деңгейдегі сұрақтар жакап берді. Сабақ барысында оқушылар дискрипторлар бойынша өз жұмыстарын бағалады. Сабақ соңында топ болып жұмыс істей отырып, балалар "Біз Салауатты өмір салтын ұстанамыз" тақырыбында плакаттар қорғады . Сабақ өте қызықты және нәтижелі өтті.