Текст
Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектеп кітапханасында «Мемлекеттік тілді біл және құрметте» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік тілді білуге, Қазақстанды мекендейтін халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын зерделеуге қызығушылықты ояту болды. Ұлт ұстазы – А.Байтұрсынұлы туралы презентацияны тамашалаған соң балаларға «Полиглот», «Бәйге», «Үздік аудармашы», «Сен өз Отаныңды білесің бе» атты сайыстар мен тапсырмалар ұсынылды. Оны орындау кезінде балалар белсенді және өте білімді болды. Іс-шараға кез келген адам Қазақстан халықтарының мәдениетімен және салт-дәстүрімен таныса алатын «Тілге құрмет – елге құрмет» көрмесі дайындалды