"Новочеркас ауылының ЖОББМ» КММ-де мектепке дейінгі және шағын орталықта «Күз бізге қонаққа асығады» атты ашық іс-шара өтті.
Мақсаты: балалардың күз туралы білімдерін бекіту.
Тапсырмалар: табиғатта күзде болатын күзгі құбылыстарды бекіту; балаларды өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, ата-аналарымен бірлескен іс-шарадан балаларға қуаныш сыйлау.
Шара барысында балалар тақпақтар оқыды. Мектепалды даярлық сыныбы «Күз ханшайымы» әдемі биін биледі, шағын орталық «Жапырақтардың түсуі» биін орындады.
Күз және Почтальон Печкин атты қонақтар қонаққа келді. Бірге ойнады, жұмбақтар тапты.
Қонақтар өте риза болып, кетер алдында барлық балаларға сыйлықтар табыс етті.
Ата-аналар да назардан тыс қалмады. «Шағын орталық» командасы және «Нуляшки» командасы болып екі топқа бөлініп, кім жылдам болса, ұсынылған көкөністерден күзгі салат дайындау керек болды. Әрине, достық жеңеді.