«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бұл менің Отаным"

08.08. 2025ж  Мектепалды “Айгөлек” лагерінде "Бұл менің Отаным"  Туристік-өлкетану бағытында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін таныстыру, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру және туған жерге деген құрметті арттыру болды. Шара барысында  балаларға туған өлке жайлы қызықты әңгімелер айтып, фотосуреттер мен карталар арқылы таныстырылым өткізді. Балалар жергілікті табиғат, тарихи орындар мен ұлттық салт-дәстүрлер туралы сұрақтарға белсене жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара ойын элементтерімен, викториналармен толықтырылып, балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырды. .Іс-шара балалардың туған өлкеге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін кеңейтті. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен, жаңа әсерлермен тарқасты.


Текст