«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«МОДО тестілеуін сәтті тапсырудың 10 құпиясы»

Психологтың оқушыларға арналған  ұсыныстары.

«МОДО тестілеуін сәтті тапсырудың 10 құпиясы»

 

Тестке сәтті дайындалып, оны ойдағыдай тапсыру – әркімнің қолынан келеді!

Тест – бұл өзіңді көрсетіп, өз мүмкіндіктерің мен қабілеттеріңді таныту қажет болатын өзіндік күрес.

10 «Құпия»

Бірінші «құпия» – ББЖМ-ға дайындықты неғұрлым ерте бастасаң, соғұрлым жақсы болатынын ұмытпа. Алдымен жұмыс орныңды дайында: үстелден қажетсіз заттарды алып таста, керек оқулықтарды, оқу құралдарын, дәптерлерді, қағаздарды, қарындаштарды және басқа да қажетті заттарды ыңғайлы орналастыр.

Екінші құпия – Оқу жоспарыңды құрастыр: күн сайын нақты қандай тақырыптарды оқитыныңды анықта.

Үшінші «құпия» – ең қиын тақырыптан баста, бірақ егер бірден кірісу қиын болса, ең қызықты және өзіңе ұнайтын материалдан бастауға болады.

Төртінші «құпия» – материалды құрылымдау өте пайдалы, ол үшін жоспарлар мен сызбалар құрастырған жөн, әсіресе қағазға жазған тиімді. Бүкіл оқулықты жаттап алудың қажеті жоқ.

Бесінші «құпия» – оқу мен демалысты, дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы және таза ауада серуендеуді ақылмен үйлестір.

Алтыншы құпия – Мұғалімнің кеңестерін тиімді пайдалан. Оларға алдын ала үйде жақсы дайындалып, нақты сұрақтарыңды әзірлеп кел.

Жетінші құпия – ББЖМ-ға дайындала отырып, ойыңда өзіңнің жеңіске жеткен сәтіңді елестет.

Сегізінші «құпия» – тестілеудің алдында бір күнді барлық жауап жоспарларын қайталауға және ең қиын сұрақтарға тағы бір рет назар аударуға арна.

Тоғызыншы «құпия» – кешке, емтихан алдындағы күні дайындықты тоқтатыңыз, душқа түсіңіз, серуендеңіз, мүмкіндігінше жақсы ұйықтаңыз, таңертең сергек оянып, күш-қуатпен және «жекпе-жекке дайын» көңіл-күймен тұру үшін.

Оныншы «құпия» – Тестілеу кезінде ыңғайлы отырып, арқаңызды түзу ұстаңыз. Өзіңіздің бәрінен биік, ақылды екеніңізді және бәрі сәтті болатынын ойлаңыз. «Мен сабырлымын, мен мүлдем сабырлымын» деген сөздерге назар аударыңыз. Оларды асықпай бірнеше рет қайталаңыз.

Сәттілік тілейміз!

Жаңартылған күні: 16.04.2025 17:53
Құрылған күні: 16.04.2025 17:53

Текст