Текст
1 тамызда «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-де «Балақайлар мектебі» жұмысын бастады.
Балалар 10 - ға дейін тура және кері санауды үйренді, тілді жаттықтыру үшін жаңылтпаштар, өлеңдер айтып жаттықты, дыбыс пен әріпті ажыратуды үйренді, әліпбиді, дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталады, «Бауырсақ» ертегісін тамашалады және ата-анасының рұқсатынсыз үйден шықпау керек деген қорытындыға келді.Үзіліс кезінде балалар «Балалар боулингін» және «Мысық пен тышқан» ойынын ойнады. Олар «Ыстық картопты» ойнаған кезде барлығы өзі және отбасы туралы аздап әңгімеледі. Күн елеусіз зымырап өте шықты.