Текст
Жас мамандар апталығы аясында "Темекі шегу, алкоголь, есірткінің адамның ұрығына әсері" тақырыбында биология пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында видеоролик, белсенді оқыту әдістері, сұрақ жауап, кластер, өзін -өзі тексеру, бағалау әдіс тәсілдері қолданылды. Видеоролик көру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындай алды. Бұл сабақтың басты мақсаты болашақ жастардың зиянды әрекеттерден бір қадам болса да алшақ ұстау. Болашақ деген үлкен жауапкершілікпен қарау. Салауатты өмір салтын ұстану насихатталды.