Бірінші қыркүйек - бұл алғашқы қоңырау, көңілдің толқыуы,көптеген әдемі гүл шоқтары. Бұл мереке бірінші рет мектеп табалдырығын аттағандар үшін көптен күткен мереке. Ұзақ жазғы демалыс артта қалды, балалар пайдалы демалып,алдағы оқу жылына жігерленіп келді. Салтанатты жиын сағат 10.00 басталды . Оқушыларды құттықтап,жылы лебіздерін тілеп педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп директоры және ата-аналар сөз сөйледі.Салтанатты жиынға жиналғандар мектептің 1 сынып және 11 сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алды. Сахнадан мектеп тақырыбындағы өлеңдер мен әндер шырқалды. Бірінші сынып оқушылары біздің болашақ түлектердің сыйлықтарын қызығушылықпен қабыл алды. Мерекелік атмосфера мұғалімдердің, қонақтардың,оқушылардың көңіл-күйлерінде, сахналық безендіруінде өте жақсы сезілді.Барлық оқушыларға жаңа оқу жылы табысты,жемісті болсын!