Текст
Бүгін 8 "А" сыныбында, математика апталығы аясында, алгебра пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: "Мәтінді есептерді шығару". Сабақта бірінші әдіс "Кім тез табады", ол арқылы "Апайдың туған жылын" квадрат теңдеулерді шығарып, жауаптарының цифрларымен жазып берді. Екінші әдіс "Бірлесе үйрену", оқушылар мәтінді есептерді талдап, теңдеу құрастырып бірлесе жауабына жетті. Сәйкесінше өзін - өзі және бірін - бірі бағалау жүргізілді. Қорытынды бөлімінде бекіту үшін оңай, ұқсас есеп шығарылды. Мерседес рефлексиясымен оқушылар өз ойларын жеткізді. Осылай сабақ мақсатына жеттік.