Текст
Күзгі демалыс кезіндегі жоспарға сай, Отбасылық құндылықтар күні «Ата дәстүр – асыл қазына» тақырыбы бойынша 1 «А» сынып оқушыларының әжелері мен аналарының қатысуымен «Бауырсақ - Party» аспаздық жәрмеңкесі өткізілді. Іс – шараның "Бауырсақ" атауының өзі қазақтың "бауырласу", "бауыр" сөздерінен шыққан, бұл аудармада "бірігуге, туыстыққа ұмтылу"дегенді білдіреді. Бұл дәстүр мектебіміздің барлық отбасыларын бір мереке - "Бауырсақ-PARTY" жәрмеңкесімен біріктірді.