Текст
2025 жылғы 30 мамыр — 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестация аясында өтетін Қазақстан тарихынан алғашқы мемлекеттік емтихан күні. Бұл – жай ғана білімді тексеру емес, бұл – ересек өмірге бастар маңызды қадам. Биыл мектебімізді 6 түлек аяқтап отыр.
Қымбатты түлектер! Сіздер – зор мүмкіндіктерге ие, ойы озық, жүрегі ізгі ұрпақсыздар. Емтихандар сіздер үшін жаңа белестерге жол ашатын бастама болсын!
Сіздерге сәттілік тілейміз, түлектер! Алға – армандарға қарай!