«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып ӘБ жетекшісінің 2019-2020 оқу жылындағы 3 тоқсандағы жасаған жұмыстарының есебі

 

       Әдістеме бірлестігінің 3 тоқсандағы  жоспарланған жұмыстары, отырысы өз уақытында өтті.  Қаңтар айында  жоспарға сай  Азатқызы Анаргүл 2 «А» сыныбында , математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Осы айда Хамзина Салтанат Жабайқызы  мектепішілік «Үздік  мұғалім» атты сайысқа қатысты. Осы сайыстың бірінші кезеңінде математика мен музыка  пәнін қосып, кіріктірілген ашық сабақ берді. Ақпан айында 4 «А» сыныбында Lesson study тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілді. Мұнда Мусина Камшат Естайқызы әдебиеттік оқу пәнінен сабақ берді. ӘБ мүшелері  тынбай еткен еңбектерінің арқасында өздері де, оқушылары да көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтатын болсақ, даярлық тобының оқушысы Абылкасымова Айгерім республикалық қашықтық олимпиадасына математика пәнінен қатысып, 1 дәрежелі диплом алды.1 «А» сынып оқушысы Әбдрекеева Жәния сауат ашу пәнінен республикалық  олимпиадаға қатысып,  1 дәрежелі   дипломға ие болды. Оның жетекшісі Рамазанова Әсел Елемесқызы республикалық  «Үздік сынып жетекші» олимпиадасының 3 дәрежелі диплом иегері. 4 «А» сынып оқушылары да, сынып жетекшілері де  көптеген олимпиадалар мен сайыстарға қатысты.  Соның ішінде Мусина Камшат Естайқызы республикалық "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" блиц-турнирінің  және республикалық бастауыш сынып ұстаздары арасында өткен олимпиаданың  1 дәрежелі диплом иегері.   «Бастауыш сыныптар» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, 1 дәрежелі дипломды Абылкасымов Айып пен Ногубаева Тумар, 2 дәрежелі дипломды  Рамазанова Айдана, 3 дәрежелі дипломды Исмағұл  Елнұр  иеленді. Ал Сағынай Әділет пен Шерьезданов Әділ қатысқаны үшін сертификат алды. Жүлдегерлердің  ата-аналарына, сынып жетекшілеріне алғыс хат берілді. Абылкасымов Айып республикалық математика пәнінен 4 сыныптар арасында өткен олимпиаданың 1 дәрежелі  жеңімпазы, Исмағұл Елнұр Ақмола облысы бойынша қазақ тілі пәні олимпиадасының  1 дәрежелі, ал Шерьезданов Әділ дүниетану пәні олимпиадасының 3 дәрежелі жеңімпазы. Рамазанова Айдана «Русский медвежонок»   сайысынан 1 орын алды.  Ақпан айында өткен  мектепішілік жобалар сайысында  4 «А» сынып оқушысы Шерьезданов  Әділ «Күн – жарық жұлдыз» атты жобасын , 2 «А» сынып оқушысы Кәкен Әдемі «Сүт және оның пайдасы» атты жобасын қорғады. 4 «А» және 3 «А» сынып оқушылары алдағы уақытта болатын аудандық пәндік   олимпиадаға дайындық үстінде.  Тоқсан сайын сыныптағы үлгерім мониторингі жүргізіліп отырды.

 

        Сонымен қатар  бастауыш сынып оқушыларының дәптерлері, оқу жылдамдығы тексерілді.   Оқу барысында, күнделікті оқу процесінде мұғалімдер сабақта, сабақтан тыс іс-шараларда оқушылардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, өз күшіне деген сенімдерін арттырып, алға жетелейді. 

        3 тоқсан бойынша бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының көрсеткіші төмендегіше:

«А»сынып  барлығы: 2 оқушы

Үздік оқушы: Әбдрекеева Жәния, үшпен оқитын Ашубасар Бексұлтан.

Жалпы білім сапасы: 50%     

2 «А» сынып 5 оқушы

Үздіктер:    2. Макарин Алнұр   мен Кәкен Әдемі

Екпінділері: 2. Қошқарбаева Гүлжайна

 Орташа:     -  2.Нығметолла Рахмет пен Шерьезданов Аслан

Жалпы білім сапасы: 60%     

3 «А» сынып, барлығы -4 оқушы

Үздіктер-1.Анапина Медина

Екпінділер -1 .Нығметола Нұрахмет

Орташа -2, Иманжусупова Еркежан мен Рамазанова Жанель

Жалпы білім сапасы: 50%     оқушы

4 «А» сынып, барлығы -6

Үздіктер-1,  Абылкасымов Айып.

Екпінділер -3, Ногубаева Тумар, Сағынай Әділет, Рамазанова Айдана

Орташа -2. Исмағұл Елнұр мен Шерьезданов Әділ

Жалпы білім сапасы: 67%     

              Ата – аналармен жұмыс  ұдайы жүргізіліп отырады.  Ата-аналармен  бір   жалпымектепішілік және сынып бойынша 1 жиналыс өткізілді. Күнде күнделік  және электронды күнделік арқылы ата-аналармен кері  байланыс жүріп отырды.

     Тоқсан сайын сыныптағы үлгерім мониторингі жүргізіліп отырды.

     Осы жұмыстардың барлығын әр мұғалім жинақтап отырды. Қорыта келгенде  әдістеме бірлестігі 3 тоқсан  барысында  алдына қойған міндеттерін  толығымен орындады. 

     

ӘБ жетекшісі Мусина К.Е. 

Жаңартылған күні: 20.03.2020 01:32
Құрылған күні: 20.03.2020 12:06

Текст