Текст
8 тамыз күні мектеп кітапханасында ұлы қазақ ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған"Абайдың ұлы мұрасы" поэзия сағаты өтті.
Іс-шара барысында Абайдың өмір жолы, қазақ мәдениеті, философиясы мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы бейнематериал көрсетілді.
Шара барысында Абайдың өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде оқылды. Ақын шығармашылығына арналған викторина ұйымдастырылды.
Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған бұл поэзия сағаты ұлттық мәдениет пен Қазақстанның рухани мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды.