Текст
13.08.2025 ж. «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы лагерінде
Азаматтық-патриоттық бағытта "Менің Отаным" тақырыбында іс-шара өткізілді. Күнімізді таза ауада таңғы жаттығудан бастадық. Кейін денсаулық минуткасында " Жаман әдетке неге жоқ дейсіз" тақырыбында сұрақтарға жауап берді. Әрі қарай
іс-шара барысында балаларға Қазақстанның табиғаты, тарихы және мәдениеті туралы мағлұмат берілді. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, туған жерге байланысты викторина өткізілді. Тақырыпқа байланысты суреттер салды. Балалар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды, Отанға деген мақтаныш сезімдерін білдірді.