Текст
Қазақстан халықтарының тілдері апталығына орай қазақ филологиясының негізін салушы ғалым, тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Әр халықтың тілі көркем де ұлы» атты поэзия сағаты өтті. Балалар атақты авторлардың өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқып, сол арқылы өлең оқу, өзгені тыңдау, құрметтеу, сондай-ақ шет тілінің поэтикалық әлемін қозғау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Шара аясында «Тіл – татулық тірегі» көрмесі ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқталып, балаларға қолжетімді түрлі оқу құралдары мен сөз тіркестерін пайдалануға мүмкіндік берді.