Текст
Ұйымдар тізімі
11.02 күні жылдық жоспарға сәйкес әдістемелік бірлестіктің 4-отырысы өткізілді. Отырысты Рамазанова А.Е. жүргізді. Отырыс барысында мұғалімдерге Ustaz AI платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, оны сабақ жоспарлау, тапсырмалар мен тесттер құрастыру, оқу материалдарын дайындауда тиімді қолдану жолдары үйретілді. Практикалық бөлімде педагогтер платформада жұмыс жасап, тапсырмалар құрастырып көрді. Қатысушылар жаңа цифрлық құралдың тиімділігін атап өтіп, оны өз тәжірибесінде қолдануға қызығушылық танытты. Сонымен қатар ӘБ жетекшісі Мусина К.Е. оқушылардың дәптерлерін тексеру қорытындысын және жас маман Азатқызы Анаргүлге методикалық көмек ретінде өз ұсыныстарын ұсынды. Отырыс өз мақсатына жетті.



«Адал Азамат» тәрбие...