«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Құқығымызды білеміз, елімізді бағалаймыз!

1 қыркүйекте 5 «Б» және 6 «Б» сынып оқушылары заңдарды үйрену маңызды әрі өте қызықты екенін дәлелдеді! 
Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған сынып сағатын өткіздік. Ең басты құндылықтар — бостандық, достық, бірлік және еліміздің болашағы үшін жауапкершілік туралы сөз қозғадық. Сынып сағаты аясында оқушыларымыз бірнеше тапсырмадан тұратын интерактивті квесттен өтті. Бірақ балалар үшін ең қызықты, тартысты әрі есте қалатыны — «Адамды құрастыр» сынағы болды! 

Сынақтың мәні неде еді?
Командаларға 12 негізгі қасиеттен (білім, адалдық, денсаулық, еңбек, құрмет, жауапкершілік, мейірімділік, тәртіп, өзін-өзі дамыту, мақсат, достық, әділдік) үйлесімді дамыған тұлғаның бейнесін құрастыру қажет болды.

Басты интрига — 12 қасиеттің ішінен тек 6 қасиетті таңдап, оларды маңыздылығы бойынша ретімен орналастыру керек еді!

Бұл сынақ біздің 5 «Б» және 6 «Б» сынып оқушыларының өмірлік құндылықтар туралы қаншалықты теңдеп, терең ойлай алатынын көрсетті. Өсіп келе жатқан жас ұрпағымызбен мақтанамыз

 

Текст