Текст
Бүгін 6 тамыз “Балақайлар мектебі” жұмысын жалғастыруда. Үш күндік оқу мен ойын үдерісінде балалар жаңа ортаға тез бейімделіп, бір-бірімен тіл табысты. Танымдық, сөйлеу, ұсақ моторика және қимыл-қозғалыс дағдылары дами бастады. Балалар сабаққа қызығушылық танытып, тапсырмаларды орындауда белсенділік көрсетті.