«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола дарындары

Ақмола дарындары

2023 жылғы 19 мамыр күні Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» оқушылар мен жасөспірімдер сарайы базасында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлының «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен салтанатты кездесуі өтті.
Салтанатты кездесуді Ақмола облысының білім басқармасы, Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырды.

Облыстық білім басқармасының салтанатты кездесуіне  «Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   11«А» сынып оқушысы Казбекова Назерке қатысты.  Дарынды оқушылар алдында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы сөз сөйлеп, өзінің құттықтау сөзінде Қазақстандық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, оның болашағы Сіздердің қолдарыңызда екенін айтты. 2022-2023 оқу жылының болашақ түлектеріне жүгініп, Қазақстанның лайықты азаматы болуды және табысты кәсіби жолды таңдауды тілеп, құттықтады.

 

Казбекова Назерке Республикалық шығарма байқауының ІІІ дәрежелі жүлдегері.

Ақмола облысының , Астрахан ауданының және  мектебіміздің мақтанышы Республика жеңімпазы Казбекова Назерке Ақмола дарындары қатарынан табылғанына өте қуаныштымыз. Казбекова Назеркенің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жетекшісі Казбекова Гульжан Жаксылыковнаға айтар алғысымыз шексіз. Күрделі әрі маңызды ұстаздық қызметіңізге жаңа табыс,төзімділік тілейміз

Жаңартылған күні: 24.05.2023 16:04
Құрылған күні: 24.05.2023 16:04

Текст