«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11 тамызда «Малышкина мектебінде» КММ «Новочеркасское ауылының ЖОББМ» «Малышкина мектебінде» болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған қызықты әрі танымдық сабақтар жалғасуда!

11 тамызда «Малышкина мектебінде» КММ «Новочеркасское ауылының ЖОББМ» «Малышкина мектебінде» болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған қызықты әрі танымдық сабақтар жалғасуда! Бүгінгі күн жаңа білімге, шығармашылыққа, қарым-қатынасқа және көтеріңкі көңіл күйге толы болды. Сөйлеуді дамыту сабағында балалар берілген тақырып бойынша сюжеттік әңгіме құрастыруды үйреніп, өз ойларын еркін жеткізу, сөйлеу қабілеті мен қиялын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындады. Математика негіздері сабағында балалар 9 және 10 цифрларымен танысты, 9 және 10 сандарының жасалу жолдарын білді. Көптіктерді салыстырып, олардың арасындағы «кем», «артық», «тең» қатынастарын анықтау дағдыларын бекітті.  Драма сабағында балалар «Түлкі, қоян және әтеш» атты орыс халық ертегісінің кейіпкерлеріне еніп, өз өнерлерін көрсетті. Ертегіні сахналау балалардың шығармашылық қабілеттерін ашып, оларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоциялар сыйлады. «Ваза» аппликациясы сабағында балалар өз қолдарымен әдемі жұмыстар жасап, қиялын, ұқыптылығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Күн «Танысу» сюжеттік-рөлдік ойынымен қорытындыланды. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақынырақ танысып, қарым-қатынас жасауға және бірлесе әрекет етуге үйренді. «Малышкина мектебіндегі» әр күн — үлкен мектеп өміріне жасалған кішкентай қадам! Біз бірге үйренеміз, ойнаймыз, шығармашылықпен айналысамыз және жаңа дүниелерді қуана танып-білеміз! 

 

Текст