«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 «б» сынып оқушыларының ата-аналары мен балаларына арналған «Отбасы – бала – мектеп» тренингі

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Қазақстанда Балалар жылы деп жариялады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, деді ол өз сөзінде.
 Бала тұлғасының табысты дамуы отбасы ішілік қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ата-ана мен бала қарым-қатынасы жүйесінде ата-ана жетекші буын болып табылады және бұл қарым-қатынастардың қалай дамитыны көп жағдайда оған байланысты. «Новочеркас ауылының ЖОББМ» КММ - нің психологы    3 «б» сынып оқушыларының ата-аналары мен балаларына арналған «Отбасы – бала – мектеп» тренингі өтті, тренингтің негізгі мақсаты – ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы серіктестік қарым-қатынасты дамыту.Тренингте ата-аналар баланың ішкі тәжірибесін сезініп, түсінуге, оның даму деңгейі мен жетістіктерін дұрыс бағалауға, балалармен қарым-қатынас жасаудың оңтайлы жолдарын анықтауға үйренді.
Тренинг қатысушылардың эмоционалдық күйзелістерін жоюға ықпал етті және отбасы мүшелерінің және жалпы топтың эмоционалды жақындасуына жағдай жасады.
Тренинг барысында келесі жаттығулар қолданылды: «Аты», «Таяқша мен майлық», «Жанармыз, отыруға жалықтымыз...», «Қырықаяқ», «Ережесіз ойын» т.б. Балалар мен ата-аналар іс-шараға белсене қатысып, өз пікірлерін білдірді, проблемалық жағдайлардан шығу жолдарын бірлесіп іздеді, тәжірибелерімен бөлісті.Тренингтің мақсаттарына қол жеткізілді, рефлексия барысында оң пікірлер айтылды және осындай тағы бірнеше кездесулер өткізу идеясы алға тартылды, оны барлық қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Бұл жұмыс тәжірибесі басқа сыныптарға да жоспарланған.

Жаңартылған күні: 28.04.2022 12:39
Құрылған күні: 28.04.2022 12:39

Текст