2024 жылдың 5-қаңтары күні «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-нің оқушылары мен ұстаздары Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешеніне саяхатқа барды.
Мұражай қызметкерлері оқушыларды жылы қарсы алып, АЛЖИР туралы біраз мәлімет берді. 1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезінде әр түрлі қиындықты бастарынан кешкен отбасылар туралы айтып берді.
Халқының болашағын армандаған, елі үшін адал еңбек еткен жандар «халық жауы» атанып, «Отанын сатқаны» үшін айыпталып, жоғары жазалау шараларына кесілген жандардың өмірі туралы әңгімелеп берді. Саяхатымыздың соңында олардың естеліктері туралы деректі фильм көрсетілді. Мектеп оқушылары мен ұстаздары АЛЖИР мұражайының қорларында сақтаулы деректермен танысып, көп әсер алды.
Одан соң "Mega Silk Way" ойын-сауық кешенінде болды. Онда балалар әр түрлі ойындар ойнады. Осы кешенде орналасқан «Chaplin» кинотеатрында кино қарады. Саяхатымыздың соңында балалар мұзайдынына барып, сырғанақ тепті. Осылайша қысқы демалыстарының бір күнін есте қаларлықтай етіп өткізді.