Текст
2023 жылдың 18 қаңтарында "Новочеркасс ауылының ЖОББМ" КММ нің 5 - 6 сынып оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» сыныптан тыс Іс-шараны дайындап, өткізген математика пәнінің мұғалімі Залюбовский А.В.
Математикалық ойын оқушылардың логикалық ойлауын, түйсігі мен зейінін дамытуға бағытталған. Іс-шараның басты мақсаты – математикаға деген қызығушылықты ояту. Ойын барысында балалар топпен жұмыс жасап, бір-бірінің пікірін тыңдап, дұрыс қорытынды жасауға үйренді.
Жекпе-жек өте тартысты өтті, бір ұпай айырмашылығымен 5-сынып жеңді.
Ойынға екі сыныптың балалары қызығушылықпен қатысып, тапқырлық, эрудиция танытты.