Текст
Бастауыш сынып апталығы аясында 2 "А" сыныбында математика пәнінен " Есептерді шығару " атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Тура және жанама тұжырымдармен "артық/кем", " бірнеше есе артық/кем қатынастары қатынастарымен берілген есептерді талдап шығарады". (мұғалім:Рамазанова А.Е) Сабақ психологиялық ахуалға арналған жаттығудан басталды, балалар көңіл күйлерін айтып, "Таңдап ал" әдісі арқылы топтарға бөлінді. Өткен сабаққа шолу жасап, көбейту кестесін қайталады. Содан кейін балалар есептерді уақытқа шығарып, теңдеулер шешті. Ритмикалық жаттығумен серігіп, Wordwall программасымен ойын ойнап, "СМС" әдісімен сабақты қорытындылады.