19 тамызда «Балақайлар мектебінде» 4 сабақ өтті. Математика сабағында балалар геометриялық пішіндерді ажыратып, дұрыс атауға жаттықты, үшбұрыштардан шырша пішінін жасап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, сәйкес сандарды көрсетті. Қоршаған ортамен танысу сабағында жол қозғалысы ережелерімен және көлікпен танысуды жалғастырдық. Презентацияны тамашалағаннан кейін біз «Тез және дұрыс жауап беру» ойынын ойнап, жердегі көлік түрлері және олардың айырмашылығы туралы жұмбақтарды таптық. Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері, автобуста қалай жүру керек, т.б. жол белгілері қайталанды. Сауат ашу сабағында сөздерге дыбыстық талдау жасап, дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталауды үйрендік.«Жоқ дыбысты көрсет» ойынын ойнадық. Аппликация сабағында жырту әдісі арқылы «Қайыңды» жасадық.