«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың құқықтары мен міндеттері

Сынып сағаты    Уақыты: 29.10.2020ж.          Мұғалім: Мусина К.Е.

Сабақтың  тақырыбы: «Бала құқықтары мен міндеттері»

Сабақтың  жалпы мақсаты:

Құқық туралы түсінік беру.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау,құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,әңгіме,сұрақ-жауап,ойындар. Көрнекіліктер: Суреттер,нақыл сөздер.

Жалпы сыныппен жұмыс.

Ынтымақтастық атмосферасы. Оқушылар дөңгелене шаттық шеңберін құрып,сәттілік тілейді.

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күнгі сабақ,

Сәттілікке толсын!

Қызығушылықты ояту

«Бәріміз бірге!» ойыны.(қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)

1.Біздің мемлекет – ҚР.

2.Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

3.Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран,ту,елтаңба.

4.Елордамыз – Нұрсұлтан.

5.ҚР кім басқарады? – Президент.

6.ҚР Президенті кім? – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа материалмен жұмыс

 Кіріспе әңгіме.

Қазақстан – өте бай,әдемі,көп ұлтты,ірі мемлекеттердің бірі. Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы.Қоғамның басты байлығы – адам. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін,денсаулығын,

тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды.Ата Заңымыз 1995 жылы 30-тамызда қабылданды. Ал Ата Заңымыздан басқа 1989 жылдың 20-қарашасында «Балалар құқықтары туралы конвенция» қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз қол қойды. Конвенция дегеніміз – дүниежүзілік құжат.Бұл балалар құқығының мәселелерін шешуге іс-шаралар қабылдауға шақырады.Біздің елімізде баланың негізгі құқықтары мен міндеттері;бала және жанұя;бала тәрбиесі,т.б. туралы Заңда қаралған. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.

 -Балалар,құқық бұзушылық,тәртіп бұзушылық дегеннің өзі қылмысқа апарып соғады.

   -Қандай бала тәртіп бұзады?

   -Ал тәртіпсіз бала деп,қандай баланы айтар едіңдер?

  (Оқушылар жауаптары тыңдалады)

Тәртіпті бала - сүйініш, төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала – күйініш, төмендеп басың кетеді.

Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай – шу.

Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.

-Өте жақсы.Дұрыс айтасыңдар.Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек .

Мағынаны тану

Мен міндеттімін:

білім алуға
тәртіп сақтауға
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге
үлкендерді сыйлауға;
ана тілдің тазалығын сақтауға;
әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге

-табиғатты қорғауға

Құқың бар ма, әлде жоқ па?

Оқырман залында  досыңмен әңгімелесіп отырсың, өйткені сен сөз бостандығына құқым бар деп есептейсің .

Менің   құқығым: Сөз бостандығына құқық

Менің міндетім: Кітапхана қызметкерлерін сыйлау міндеті, оқырмандарға  кедергі келтірмеу міндеті.

-Өте жақсы. Тағы да неге құқылымыз?

1.Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

2.Бала денсаулығын сақтауға,емдеуге құқылы.

3.Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

4.Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

5.Бала білім алуға құқығы бар. Ата-ана балалары үшін білім  беру түрін таңдауға құқылы.

6.Ата-аналарымен бірге өмір сүруге құқығы бар.

7.Балабақшаға келуге құқылы.

8.Демалуға,еркін ойнауға құқылы.

9.Өз тілінде сөйлеуге құқылы.

Жағдаяттан  шығу: Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.   Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар? (балалардың жауаптарын тыңдау)

Ой толғаныс

Қорытынды

Ата Заң – қорғанымыз. «Азамат жолы – ар жолы демекші, ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.

1-оқушы:

«Еңбек ет,еркін жүр» деген,

«Асыр сап,ойнап күл»деген,

Ата Заңым менің.

2-оқушы:

Қорғасын аспан күнімді,

Қолдасын бостандығымды,

Ата Заңым менің.

3-оқушы:

Тәуелсіз еркін ел бүгін,

Талай жыл күткен теңдігім-

Ата Заңым менің.

4-оқушы:

Санама құйған таң нұрын,

Бақытым,бағым,тағдырым-

Ата Заңым менің.

Кері байланыс

   Оқушылар сынып сағатының соңында, тақтадағы «Әр бала құқылы» деген суретке қарап, өз құқықтары туралы айтты.

 

Жаңартылған күні: 02.11.2020 22:50
Құрылған күні: 02.11.2020 22:57

Текст