Текст
15 тамызда «Балақайлар мектебінде» 5 сабақ өтті. Математика сабағында балалар геометриялық фигураларды: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, сопақ, тіктөртбұрыш, ромбты ажыратып, дұрыс атауға жаттықты. Сөйлеуді дамыту сабағында қазақ халқының әдет-ғұрпымен, «Асар», «Сүйінші», т.б дәстүрлерімен танысты. Сауат ашу сабағында дауыссыз дыбыстармен танысты, кейбір дыбыстардың көк үйде тұратынын білді, басқалары жасыл түсті, ал көк және жасыл үйлерде, яғни, қатты да жұмсақ дыбыстар болуы мүмкін. Әдебиет сабағында сурет бойынша әңгіме құрастырды. Мүсіндеу сабағында «Құстар қоректендіргіште» топтық жұмысты аяқтады. Үзіліс кезінде ойын алаңында ойнады.