«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Белсенді ойындар күні

08.06 – Белсенді ойындар күні

Жазғы сауықтыру лагерінің екінші аптасының алғашқы күні «Белсенді ойындар күні» аясында өтті.

Күн таңғы сергіту жаттығуларымен басталды. Одан кейін балалар таза ауада түрлі қимылды ойындар мен эстафеталарға қатысып, белсенді демалды.

Күннің ерекше сәттерінің бірі – көпірге саяхат болды. Балалар табиғат аясында серуендеп, айналадағы әсем көріністерді тамашалады. Саяхат барысында қауіпсіздік ережелері еске салынып, қоршаған ортаны қорғау туралы әңгімелер жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Күн қызықты әрі көңілді өтіп, балалар жақсы әсермен оралды


Текст