Текст
Ұйымдар тізімі
15 қазан күні, 2 "А" сыныбында бастауыш сынып онкүндігіне орай әдебиеттік оқу пәнінен "Достық туралы ертегі. Жолбарыс пен тышқанның достығы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Достық – адамдар арасындағы ең асыл, бағалы құндылықтардың бірі. Нағыз достар бір-біріне қамқор болып, қиын сәтте көмектеседі, шын жүректен қуана біледі. Бұл ертегіде үлкен мен кішінің, әлсіз бен күштінің арасында да шынайы достық болуы мүмкін екені көрсетіледі. «Жолбарыс пен тышқанның достығы» – кішкентай жануардың батылдығы мен адалдығы арқылы үлкен жануардың өмірін сақтап қалғаны туралы тағылымды ертегі. Осы сабақтан кейін оқушылар, достық - күш пен батылдықта емес, адалдық пен сенімді қажет екенін жақсы түсінді.



Бастауыш мектепте ашық сабақ