Текст
«Балақайлар мектебі» төрт күн бойы өз жұмысын сәтті жалғастыруда. Бұл аралықта балалар жаңа ортаға бейімделіп, оқу мен ойын үдерісіне белсенді қатысып келеді. Сабақтар танымдық бағытта өтіп, оқушылардың сөйлеу дағдысы, ұсақ моторикасы, шығармашылық қабілеті мен әлеуметтік икемділігі дами бастады. Топтағы бірлік пен жылы қарым-қатынас балалардың өздерін еркін сезінуіне септігін тигізуде. Алдағы күндер де мазмұнды әрі қызықты болмақ.